Өзбекстанда президент сайлауы басталды
2016 ж. 04 желтоқсан
1948
0
Өзбекстанда президент сайлауына сайлау учаскелері ашылды, - деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап tengrinews.kz порталы. Елдегі барлық төрт саяси партиядан кандидат шығып отыр.
Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясынан Шавкат Мирзиеев шықты. Ол елді әскери-саяси блоктарға қоспауды және ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамытуды көздеп отыр. Тағы екі кандидат - парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамурадов ("Миллий тикланиш" ұлттық-демократиялық партиясының атынан шыққан) және Социал-демократиялық "Адолат" партиясының атынан шыққан Нариман Умаров - РФ-мен одақтық байланыс пен стратегиялық қарым-қатынастарды сақтап, дамытуға шақырып отыр. Өзбекстанның Халықтық-демократиялық партиясының көшбасшысы Хотамжон Кетмонов республиканың жаңа ұйымдарға енуіне асықпайды, нақтырақ айтсақ, Еуразиялық экономикалық одақ, ол жұмыспен қамту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы тариф саясаты бағдарламаларын жүзеге асыруға назар аударған.
Өзбекстанның 21,4 миллион азаматы дауыс бере алады. Заңнамаға сәйкес, сайлаудың өткенін анықтау үшін тіркелген сайлаушылардың 33 пайызы дауыс беруі қажет. Сайлауды өткізу үшін 12 сайлау комиссиясы құрылған, 9 381 сайлау учаскесі ашылған, оның ішінде 44-і Өзбекстанның 36 елдегі өкілдіктерінде.
Сайлауды 80 мыңға таяу жергілікті бақылаушы және халықаралық 600-дей халықаралық бақылаушы қарайды, сонымен қатар, түрлі ұйымдардың, ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам Әріптестік Ұйымы, Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы. Сайлау туралы 20 елде 1,3 мың журналист ақпарат таратады.
Алдын ала қорытынды дүйсенбіде таңғы уақытта белгілі болуы мүмкін.
Еске салайық, биыл қыркүйекте 78 жасында Ислам Каримов инсульт алып, қайтыс болған еді.