Алматы қаласында 6 көшенің атауы өзгерді. Таяуда Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бірқатар көшелердің аты жаңаша аталатын болды. Атап айтсақ, төмендегі көшелердің атаулары, деп хабарлайды Алматы ақшамы.

2016 ж. 01 желтоқсан
4330
1
Алматы қаласында 6 көшенің атауы өзгерді. Таяуда Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бірқатар көшелердің аты жаңаша аталатын болды. Атап айтсақ, төмендегі көшелердің атаулары, деп хабарлайды Алматы ақшамы.

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:
«Көкқайнар» шағынауданындағы Абай көшесі – Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;
«Әйгерім-1,2» шағынауданындағы Ленин көшесі – Василий Бенберин көшесі;
Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:
Левон Мирзоян көшесі – Шапық Шөкин көшесі;
Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:
8-линия көшесі – Ербол Сыпатаев көшесі;
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:
«Көктөбе» шағынауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі – Роза Бағланова көшесі;
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:
«Қалқаман-2» шағынауданындағы Мұхтар Әуезов көшесі – Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталатын болды.
Алматы қаласы әкімдігінің және Алматы қаласы мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімін мемлекеттік тіркеу туралы
АҚПАРАТ
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы №4/543 және VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының Х сессиясының 2016 жылғы 15 қарашадағы №51 «Алматы қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы және шешімі 2016 жылғы 28 қарашада Алматы қаласы Әділет департаментімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1329 нөмірімен енгізілді.
Алматы қаласы әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ
2016 жылғы 16қараша №4/543
Алматы қаласы мәслихатының ШЕШІМІ
2016 жылғы 15 қараша № 51
Алматы қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2016 жылғы 29 тамыздағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:
«Көкқайнар» шағынауданындағы Абай көшесі — Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;
«Әйгерім-1,2» шағынауданындағы Ленин көшесі — Василий Бенберин көшесі;
Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:
Левон Мирзоян көшесі — Шапық Шөкин көшесі;
Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:
8-линия көшесі — Ербол Сыпатаев көшесі;
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:
«Көктөбе» шағынауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі — Роза Бағланова көшесі;
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:
«Қалқаман-2» шағынауданындағы Мұхтар Әуезов көшесі —Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталсын.
Алматы қаласының әкімі Б. Байбек.
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты
Х сессиясының төрайымы Р. Бадаева.
VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев.