Қарапайым халық емшісі

Ұзақ уақыт ата жолын қуып қазақ емшілігімен шұғылданып небір жазылмас дертті жазып, ешкімге еленбей жүрген емші Ахметкәрім Қабимолдаұлы Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында тұрады.

Ұлы атасы Мұхаметсалықтан жеті баласы болып, жеті ұлдың бірі Қабимолдада дін оқуын оқып үлкен емші атанған екен. «Әке көрген оқ жонар» дегендей Ахметкәрім алдымен дін оқуын жетік оқып, әкесінен емшілікті үйренеді. Әкесі қайтыс болып, Ахметкәрім үйленіп үкіметтің бір қора қойын бағып жүрген күндердің бірінде, түсінде қорасын аралап жүрген екі көк бөріні көріп, айқай салса, ол екеуі жүгіріп келіп, етегін жалап, аяғымен сипалайды да өз алдына кетеді. Осы күннен бастап ол әкесінен үйренген емшілікті қолдана бастайды, өзінің бірге туған қарындасы Қазиман көктем келісімен көтеріліп ауырғалы жиырма екі жыл болған еді. «Мен алдымен осы өз туысымды көріп, білгендерімді осыдан бастайын» деген оймен, шөп дәрілермен және ұшықтаумен 14 күнде емдеп жазады. Бұған күйеу баласы мен туыстары дән разы болады. Содан бастап халық көзіне түсе бастайды. Мұрын, ангина, шетпе, шершеу, буыншық, нерв қатарлы көптеген аурулар келіп жазылып жүрді. Ол өз емшілігі мен өміржолы сөз болғанда былай дейді: - Мен туыстарымнан, ел-жұртымнан бөлініп, бес ұлымның екеуін артқа тастап, үш ұл бір қызыммен отаным Қазақстанға көшіп келіп, Қарғалы ауылына орналастым. Мешіттерде уағыз айттым. «Бесмойнақ» мешітіне имам болып та тұрдым. Бір жақтан халықтың ауру-сырқауын көріп, дем салып, шөп дәрілермен дауаладым. Жақсылық деген жігіттің көзінен жас ағып отырғанын көріп, сұрасам, дәрігер операция жасайтын болды деп уайымдаған соң, - «балам мен бір апта көрейін, жазылмасаң барарсың» дедім. Ол көрініп ақаусыз жазылғалы міне 8 жыл болды. Райханның қызы «Омырауда алты айлық балам бар еді және қаным да әлсіз, дәрігер бүйректе тас бар, біз оған операция жасаймыз деген соң, сізге көрінейін деп келдім» деп айтқаннан кейін, оны 3 ай шөп дәрімен емдеп жаздым. Буыншақ ауруы бар қызды да жаздым. Асылғалы жатқан адамды да емдеп жаздым және Қарғалыда алты айлық бір балаға бір ай укол салса да іші тиылмаған соң, маған көрінді, ол бала шетпе екен. Мен оны сол күні дауалап жаздым. Оны естіген Айнұр деген әпкесі Алматыдан іздеп келді, оның да ауруын түзеп жаздым. Оны естіген үкімет адамдары «Сіз Қазақстан халық емшілігіне барып, емтихан тапсырып, диплом алыңыз» деп демеу берді. Өткен 2010 жылдың қыркүйек айында емтихан тапсырып және емдеу шараларымды таныстырып, «Халық емшісі» деген диплом алдым. Менің халықты емдеу барысымды тексеріп көріп, «Сіздің халық емшілігін дамытуға қосқан үлесіңіз үшін деп Өтейбойдақ» дипломын беріп арнайы медальмен марапаттады әрі ашық емшілік істеу құқына ие етті. Міне, сөйтіп туған отанына оралған Ахметкәрім айналасындағы адамдар үшін ауруға шипа, ажалға арашашы болудай адалдықпен талайдың жанына, отбасына көңілді көктем орнатып келеді. Біз Ахметкәрімнің адамдарды ауру-азаптан құтқаруға әлі де қосатын үлесі зор деген сеніммен оның ісіне сәттілік тілейміз.

Рахмет Қойшин Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы