Мұғалімдердің жалақысы көбейеді...

Иә, дәл солай... Қазақстандағы жоғарғы категориялы мұғалімдердің айлық табысы бұл жылы 64 мың теңгеге көбеймек. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бұл туралы «Жоғарғы категориялы мемлекеттік мектептерде жұмыс жасайтын мұғалімдер 64 мың теңге алатын болады» деп мәлімдеме жасады. Сөзінің соңына «Және бір тиын да кем болмайды. Бұл, әрине, жаман көрсеткіш емес» деп қосуды да ұмытпады. Мұғалімдердің еңбегі ақталып жатса, нұр үстіне нұр. Ал тұтыну бағасы қалай болады екен деген сұрақ күн сайын дендеп барады...