150 баланы асырап алған кейуана дүниеден озды
2016 ж. 21 қараша
2774
0
Ұлы Отан соғысы кезінде жау қоршауында қалған Ленинград қаласынан тылға жіберілген 150 баланы асырап алған Тоқтаған Алтыбасарова дүниеден озды деп хабарлайды muslim.kz.
Қырғыз елінің қабырғасын қайыстырған қазаға орай ел президенті Алмазбек Атамбаев та көңіл білдірді. Бұл жайында мемлекет басшысының сайтында жарияланып отыр.
«Тоқтаған Алтыбасарова Ұлы Отан соғысы кезінде Ленинград қоршауынан тылға жіберілген 150 балаға аналық мейірімін төгіп, бауырына басты. 16 жастағы өрімдей қыздың барлығына бірдей қарап, олардың аналарына орнына ана болды», – делінген хабарламада.
Расында да, 16 жастағы өрімдей қыздың 150 жетімді бауырына басып, оларды бағып-қағуы кез келгеннің қолынан келмейтін ерлік. Тұла бойы мейірімге тұнған Тоқтаған Алтыбасарованың аялы алақанында ержеткен жасөспірімдер соғыс аяқталғаннан кейін өз жерлеріне қайтарылса да, қырғыз қызының қайырымдылығын еш ұмтықан емес.
91-жасына қараған шағында дүниеден озған Тоқтаған Алтыбасарованың артында асырап алған 150 баласынан бөлек, өз кіндігінен тараған 8 баласы, 23 немересі және 13 шөбересі қалды.