Астанада тележурналистерге арналған семинар-тренинг өтуде

0
972

14972061_1185125844907858_44327565_n

Астанада тележурналистерге арналған семинар-тренингтер өтуде. Биылғы тележурналистерге арналған семинар-тренинг Түркістаннан бастау алып, енді Астанада жалғасын табуда. Бұл туралы qazaquni.kz порталының тілшісі хабарлайды.

Аталмыш шараның басты ұйымдастырушысы белгілі журналист Асхат Садырбай болып табылады. Оның айтуынша, журналистика факультетін бітіріп келген студенттер, телевизия саласына қызығып жұмысқа тұрғысы келетін жастардың көп жағдайда редакциядағы жұмысқа дайын болмай шығады.

– Жас журналистер бұл саланың құпиясын, қыр-сырын теория жүзінде білгенімен практикасы жоқ немесе аз болады. Оның үстіне жас буынға барлығын егжей-тегжей үйретуге аға буынның уақыты бола бермейді. Біздің мақсат болашағынан үміті зор жастарға осының бәрін үйрету, түсіндіру, көрсету, бағыт-бағдар беру, сауаттылыққа шақыру. Сауатсыздықтан арылту. Әркімнің бойындағы қабілетін ашу, дамытуға үлес қосу, – дейді Асхат Садырбай.

Сонымен қатар, аталмыш тренингтерге Қазақстандағы белгілі журналистер шақыртылып, жастарға өз ақыл-кеңестерін айтады екен. Астанадағы алғашқы тренингке белгілі тележурналист Айгүл Мүкей қатысып, болашақ көгілдір экран жұлдыздарына осы саланың қыр-сырын айтып, жастардың көкейдегі сауалдарына жауап берді.

qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз