Қазақстандағы ірі БАҚ-тың бас редакторы ұсталды
2016 ж. 15 қараша
2155
0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы CentralAsiaMonitor және Radiotochka.kz басылымының бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты бопсалау дерегі бойынша соталды тергеуді бастады хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, Ғабдуллин осыдан кейін сынды азайту үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған. Олар, өз кезегінде Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алулар туралы келіссөздерге қол қойылуын қамтамасыз еткен. Осыдан кейін, БАҚ-тарда олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жариялана бастаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің деректеріне сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінде Ғабдуллин бюджет қаражатынан 10 миллион теңге бопсалаған. Осыған ұқсас жолмен Ғабдуллин жеті мемлекеттік органнан мемлекеттік тапсырыс алған.
Қазіргі уақытта Ғабдуллин Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының негізінде ұсталып, Астана ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.