ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ ШАҚЫРАДЫ

afisha 2016 жылдың 15-16 қараша күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Астана қалалық Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық  қазақ музыкалық драма театрының 25 ЖЫЛДЫҚ  мерейтойы  өтеді.  Мерейтой барысында еліміздің Тәуелсіздігімен төлқұрдас  театрдың  тереңде  жатқан  тарихын  жасаған абыздары: Халық қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов, театрдың  негізін  қалаушы, режиссер Жақып Омарұлы, Қазақстанның халық артисі, режиссер Қадыр Жетпісбаев, шығармашылықтарына арналған «Қ.Қуанышбаев театрына – 25 жыл» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында белгілі журналист, өнертану магистрі, театртанушы Сәуле Әбединованың авторлығымен «ТЕАТРҒА ТАҒЗЫМ» атты кітаптың тұсаукесері өтеді. 15 қараша күні сағат 17.00 Мерейтойлық салтанатты кешке театрдың артистер қауымы арнайы төселген қызыл кілемнен өтеді. Таңғажайып театр әлемін суреттейтін  ҚАЛЛЕКИЛІКТЕРДІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ  мерейтойы салтанатты думанға толы болмақ.

qazaquni.kz

Мерейтой аясында өтетін іс-шаралардың бағдарламасы төмендегідей:

15 қараша  
сағат: 09.30    РЕЖИССЕР ЖАҚЫП ОМАРҰЛЫНЫҢ БАСЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАУ рәсімі өтеді. (Н.Тілендиев көшесінде орналасқан Астаналық зират)
сағат:11.00 БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ «Театрға тағзым!» атты кітаптың тұсаукесері рәсімі өтеді. Кітап авторы – белгілі журналист, өнертану магистрі, театртанушы – СӘУЛЕ ӘБЕДИНОВА (Қ.Қуанышбаев атындағы МАҚМДТ. Ж.Омаров көшесі, 47 «б»)
сағат: 11.30 Ш.АЙТМАТОВ «ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН» /ДРАМА/ Режиссері: Халық қаһарманы  Ә.Мамбетов; (Қ.Қуанышбаев атындағы МАҚМДТ   Ж.Омаров көшесі, 47 «б»)
сағат: 17.00 ҚЫЗЫЛ КІЛЕМДЕГІ ШЕРУ Конгресс Холл сарайы. Бейбітшілік көшесі, 1/1
сағат: 18.00 САЛТАНАТТЫ КЕШ Конгресс Холл сарайы. Бейбітшілік көшесі, 1/1  
  16  ҚАРАША
сағат: 10.00  «Қ.ҚУАНЫШБАЕВ ТЕАТРЫНА-25 ЖЫЛ»  атты дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы театрдың негізін қалаған режиссер Ж.Омарұлының шығармашылығы, театрдың көркеюіне ат салысқан Қазақстанның халық артисі Қ.Жетпісбаевтың шығармашылығы, арнайы Алматыдан Сарырақаға қоныс аударып, театрдың дамуына айтарлықтай үлес қосқан Халық Қаһарманы - Ә.Мамбетов шығармашылықтары хақында болмақ. Баяндамашылар: Асанәлі Әшімұлы, Есмұхан Обаев, Еркін Жуасбек және театрдың негізін қалаған артистердің қатысуымен өтеді. Кеш модераторы: театрдың көркемдік жетекшісі, профессор ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ. (Қ.Қуанышбаев атындағы МАҚМДТ сахнасында. Ж.Омаров көшесі, 47 «б»)
сағат: 19.00 Т.ТЕМЕНОВ«АҚҚУДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ...»  /лирикалық драма/ (Қ.Қуанышбаев атындағы МАҚМДТ сахнасында  Ж.Омаров көшесі, 47 «б»)