Күлекбаевқа түрмеде жылына шамамен 800 мың теңге жұмсалатын болады

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі сотталушыларға жұмсалатын қаражат сомасын жария етті. Белгілі болғандай, әр сотталушыға мемлекеттік қазынадан жылына 800 мың теңге шамасында ақша бөлінеді. Күлекбаевқа да осындай сома жұмсалмақ. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күлекбаевқа түрмеде жылына шамамен 800 мың теңге жұмсалатын боладыМинистрліктің ақпаратына сәйкес, сотталушы өлім жазасы заңды күшке енгенге дейін оқшаулағышта болады. Кейін түрмеге жіберілетін Күлекбаев өмірінің соңына дейін қамалады.

Құзырлы мекеме Күлекбаевтің қай түрмеге жабылатынын айтпағанымен, өмір бойына сотталғандар бүгінде Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" атымен танымал түрмеге тоғытылатынын алға тартты.

ІІМ барлық сотталушыларды қаматамасыз ету шарттары бірдей екенін ескертіп, Күлекбаевтың тіршілігіне жыл сайын шамамен 800 мың теңге жұмсалатынын растады.

«Бір сотталушыны қамтамасыз ету үшін белгіленген сома сотталушылардың барлық деңгейіне бірдей. Бүгінде ол жылына шамамен 800 мың теңгені құрайды», - дейді ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.