Күлекбаевқа түрмеде жылына шамамен 800 мың теңге жұмсалатын болады
2016 ж. 07 қараша
2473
0
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі сотталушыларға жұмсалатын қаражат сомасын жария етті. Белгілі болғандай, әр сотталушыға мемлекеттік қазынадан жылына 800 мың теңге шамасында ақша бөлінеді. Күлекбаевқа да осындай сома жұмсалмақ. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Құзырлы мекеме Күлекбаевтің қай түрмеге жабылатынын айтпағанымен, өмір бойына сотталғандар бүгінде Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" атымен танымал түрмеге тоғытылатынын алға тартты.
ІІМ барлық сотталушыларды қаматамасыз ету шарттары бірдей екенін ескертіп, Күлекбаевтың тіршілігіне жыл сайын шамамен 800 мың теңге жұмсалатынын растады.
«Бір сотталушыны қамтамасыз ету үшін белгіленген сома сотталушылардың барлық деңгейіне бірдей. Бүгінде ол жылына шамамен 800 мың теңгені құрайды», - дейді ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.