Әсет Исекешев ай сайын миллион теңгеге жуық жалақы алатын болып шықты
2016 ж. 07 қараша
2674
2
Астана қаласының әкімшілігі Әсет Исекешевтің айлық жалақысын жария етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл мәлімет Newtimes.kz ақпараттық агенттігінің жолдаған ресми сауалына берілген жауапта көрсетілген.
"Әкім және оның орынбасарларының айлығы келесідей: Астана қаласының әкімі - 953 260 теңге, қала әкімінің бірінші орынбасары - 689 960 теңге, қала әкімінің орынбасары – 477 591 теңгеден 644 796 теңгеге дейін, бұл сома мемлекеттік қызметте жүрген өтіліне байланысты белгіленеді", — делінген Астана әкімдігі берген жауапта.