Байқоңырдың қауіпсіздігін енді Ресей гвардиясы қамтамасыз етеді
2016 ж. 06 қараша
1610
0
Ресейдің гаврдия жауынгерлері Байқоңыр кешенінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап хабарлайды.
"Мәскеу облысы бойынша Ресей ұлттық гвардиясы әскерінің орталық округі басқармасынан бір топ офицерлер мен округтің генерал-лейтенанты Павел Дашков Байқоңырға іссапармен барып қайтты. Дашковтың айтуынша, іссапардың мақсаты Байқоңыр кешенінің аймағында орналасқан Ресей гвардиясының құрамына ведомстводан тыс күзет пен арнайы жасақтың авиациялық отрядын енгізу мәселесін шешу", - делінген хабарламада.
Ресей тарабы аймақтағы қауіпсіздікті қаматамасыз етуде зор ынтымақтастық орнататынына сенім білдірді.
"Генерал-лейтенант Павел Дашков пен Николай Авдеев қалалық әкімшілік басшылығы, құқық қорғаушы органдар мен Ресей ұлттық гвардиясының әскерлері аймақтағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде зор ынтымақтастық орнататынына сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.