ШҚО-да мектептерге ұлт қайраткерлерінің есімдері берілді

1
1082

Шығыс Қазақстанда 16 мектепке ұлт қайраткерлерінің есімдері берілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар хабарлады.

 Атап айтсақ, Үкіметтің қаулысымен Өскемен қаласындағы №33 мектепке Абайдың, №1 орта мектепке Шәкәрімнің, №3 мектеп-гимназияға  Шоқан Уалихановтың, №16 мектепке Зәки Ахметовтің, Риддер қаласындағы №3 орта мектепке Дінмұхамед Қонаевтың есімдері берілді.

– Еліміздің даму тарихында орны бар мемлекет және қоғам қайраткерлерінің есімдерінің өңіріміздегі мектептер мен басқа да мекемелерге берілуі қуантады. Мұның жас буынды елшіл, мемлекетшіл рухта тәрбиелеудегі мәні өте зор. Сондай-ақ бұл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы аясында тұрғындарымызға ерекше тарту болды, – деді аймақ басшысының орынбасары Жақсылық Омар.

Сондай-ақ, Ұлан ауданы Благодарное орта мектебі Ахмет Байтұрсынұлының, Үржардағы Крупская атындағы мектеп-балабақшасы Абылайханның, Өскемендегі орталық кітапхана Оралхан Бөкейдің есімдерімен аталды. Ұлт қайраткерлерімен бірге өңір тарихында орны бар тұлғалардың есімдері де құрметтеліп, білім және мәдениет ордаларына берілді.

1 Пікір

  1. бұл қуантарлық жаңалық екен тек бір әттегенайы Қонаевты бұл тізімнен алып тастап оның орнына Семей облысының басшысы болған Семей-Невада қозғалысын құрған есімі есімде жоқ дара басшымыздың есімін беру керек еді Әй бірақ алаш билігінен «жоңғар шопанұлы»кетпей бұл арманымыз сағым болып қала береді ғой

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз