Ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов тұтқындалды

tungyshbay-zhamankulov-1-1024x683

Бүгін халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды. Ол ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталуда. Бұл туралы qazaquni.kz порталының тілшісі хабарлайды.

Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның хабарлауынша, халық әртісіне Феникс" көркем фильміне бөлінген қаражатты қалтасына басты деген айып тағылуда.

Алдын-ала тергеу бойынша белгілі болғандай, "Қазақфильм" АҚ кино түсіру мақсатында «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС 79 миллион теңге аударған. Соның 69 миллион теңгесін бас продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Барлық қаржы субмердігерлер арқылы тікелей Жаманқұловқа аударылып отырған.

Сонымен қатар, аталмыш қылмысқа "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы бойынша атқарушы директоры Г. Искакова мен фильмнің атқарушы продюсері Н. Юдиннің де бұл қылмысқа қатысы бары анықталды.