Ақтөбе әкімінің орынбасары Байырханов Беспаевпен шетелде демалып қайтыпты
2016 ж. 01 қараша
2822
0
Шенеуніктер алатын орташа жалақы мөлшеріне Жандос Байырханов қазақ эстрада жұлдыздарымен Еуропада демалып қайтты деп хабарлайды ratel.kz. "Қамшы" порталы өз кезегінде бұл материалды қазақшаға аударып, қоғамдық талқыға салуды жөн көріпті.
Бәріне куәгер – әлеуметтік желі
Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Жандос Байырхановтың тағайындалғанына қарашада бір жыл болады. Оған дейін Жандос мырза қаланың әлеуметтік және мәдени дамуына жауап берген еді. Батыс Қазақстан облысына шығыстан, нақтырақ айтсақ, Өскеменнен қоныс аударған.
Шенеуніктердің демалғанына қарсы емеспіз. Жұмыстары ауыр болғандықтан демалғаны дұрыс, әрине. 2016 жылдың жазы қарбаласқа толы болды. Жолдар жөнделіп, қаланы көріктендеру жұмыстары жасалды. Ақтөбе облысының әкімі Ілияс Испановпен олар көптеген тексеріс жасап, рейдтерге шықты.
Суға шомылу маусымы бітер шақта бірінші орынбасар отбасына қуаныш-мереке сыйлауды ойластырады. Әңгіме – Италия мен Францияға шегер саяхат. Елісей алаңымен қыдырып, Эйфель мұнарынан қолдағы бар балмұздақпен айналаңа көз тастау жеткіліксіз болды. Бағыт Канн мен Римге алынды.
Мынандай ғажайып саяхат жайлы шенеуніктің тек жақындары білген болуы керек. Алайда әкім орынбасарының суреттері Instagram желісінен бірақ шықты. Нақтыласақ, достарының парақшаларынан. Қазбаласақ, миллионнан астам оқырманы бар қазақстандық танымал "МузАРТ" тобының солисі Мейрамбек Беспаевтің аккаунтінен. Беспаевтің фотоларын қызыға қарайтын жұрт Байырхановты да танып қалды. Фото астына қалдырылған пікірлерге қарасақ, танығандар баршылық.
Бәріне кінәлі – Канн
Қырсық бір шалса, шың шалады дегендей Жандос Байырханов демалыстан қайтып келгеннен соң жергілікті бір газет шенеуніктер алатын жалақы мөлшерін анықтап, жалпыға жария етті. Журналисттер облыс әкіміне ресми хат жолдапты. Бірнеше күннен кейін Ақтөбе өңірі басшысының аппарат жетекшісі қол қойған жауап-хат келеді. Хатта Бердібек Сапарбаевтан бастап шені төменге дейінгілердің алатын ақшасы ашық көрсетіледі. Каннға барып демалуды жаны сүйетін Жандос Байырхановтың та айлығы аталмыш тізім тұр. 194 000 теңге. Бұл жалақы еліміздегі орташа айлық мөлшерінен көбірек болса да шетелде арқаны кеңге салып демалуға жеткіліксіз.
Бәріне жауап – үнемшілдік
ratel.kz сайты айналшақтамай шенеунікке тікелей қоңырау шалып, мұндай айлықпен Қазақстанның шоу-бизнес жұлдыздарымен Еуропаға отбасы болып қалай барып келуге болатындығы жайлы сұрады. Диалог бірақ көңілден шықпады. Жалпы екі тарап арасындағы әңгіме жарасым таппады.
– Қайырлы күн! Жұмысыңызға кедергі келтіріп жатқан шығармын. Бірақ қоңырау шалмасам болмады. Шетелде өткен демалыс фотоларыңызды кездейсоқ инстаграмнан көріп қалдым. Шенеуніктің шоу-бизнес жұлдыздарымен дос болғаны қызық екен.
– Білмедім. Кімді айтып тұрсыз?
– «МузАРТтағы» Мейрамбек ше?
– Өз басыңызға бұл мәлімет не үшін қажет?
– Сіз халық алдында жүрген шенеуніксіз...
– Бұл менің жеке өмірім.
– Сіздің жеке өміріңізге араласамын деген ой жоқ менде. Жақында ақтөбелік бір беделді газет әкімият қызметкерлірінің жалақысын жария еткен материал шығарды. Сіз алатын айлықпен Каннға жету мүмкін емес. Ақшаны қалай үнемдесек, қалай жинасақ болады деп кеңес сұрамақшы едім. Барлығымыз да Еуропа көрсек дейміз.
– Оны айта алмаймын. Турагенттігім болса бір мейлі. Өкінішке орай, аталмыш мәселе бойынша кеңесші бола алмаймын.
– Шетелге барып келу үшін мұндай айлықпен де қор жинауға болады ғой?
– Айта алмаймын. Мұның жұмысқа байланысы жоқ.
– Шоу-бизнес өкілдерімен көптен бері доссыз ба?
– Бала кезден. Бірақ нақты кім жайлы айтып жатқаныңызды білмедім.
– «МузАРТ» тобы жайында айтып отырмын.
– Ол жерде (фотода-ред.) мен емес те шығармын...
– Ол сізсіз. Отбасымен түскен фотода сізді белгілеп қойыпты.
– Айта алмадым. *** Жағдай осындай, Ештеңе білмеймін, ешнәрсе айтпаймын.
Материал шыққаннан соң шенеунік Мейрамбек досына өз Instagram-ғы мен бар фотоларды өшіріп тасташы деп айта ма екен әлде балалық шақ достығын қимай қала ма екен?
Аударған: Жазира Байдалы