Белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев депутат болды

4
2209

Айтыскер ақын Айбек Қалиев Арқалықтың мәслихат депутаты болды деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Картинки по запросу айбек қалиев

«Елі сүйген, халқы сенген Айбек Киікбайұлы жерлестерінен қолдау тауып, халықтың 72,5 пайыз дауысын жинап, Арқалық қаласы мәслихатының депутаты атанып отыр. Биылғы жылдың наурызында Айбек ағайымыз Арқалық мәслихатына депутат болу үшін құжаттарын тапсырған еді, бұрынғы қала басшысы ортаға ананы, мынаны салып жүріп, ақ адал азаматтың алдын бөгенген еді. Енді міне жарық күн туып, әділдік орнап, Арқалыққа жаңа басшы келген шақта, ұстазымыз халықтың сөзін сөйлеу үшін мәслихаттың ісіне араласқалы жатыр… Сіздің әділдігіңізді, қайраткерлігіңізді білеміз. Ел сізге сенеді», – деп жазды Тоқтарбай әлеуметтік желіде.

Еске сала кететін болсақ, жақында ғана Айбек Қалиевке «Профессор» академиялық атағы белген болатын.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Агайын сырттан тон пишпеик! Алла ол кисиге куат берсин! Саттилик тилеик! Ойымызбен созимизди тузеик надандыкка бармайык! Алла биримизге иман берсин!

  2. Халықтың сеніміне кіріп алып айнып шыға келдің. Фейсбукте көңілжықпастықпен айтқан лебіздерге есіріп отырсың. Мына жақта бəрі күліп жатыр. Адамға сенім жоқ. Пиярды өзіңе жақсы жасайсын. Сенің де көкейіңді тескен ақша екен

  3. Ұры отан деп Нұр отанға кірген екіжүзді айбек! Мəслихат депутаты акимнин колбаласы екенин ол жаксы биледи. Проста 300 мың теңге жалақысына, авторитетіне қызыққан ғой. Байғұс ай)

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз