Айдос Сарым: Бізге араб болудың қажеті жоқ, біз қазақ болып қалуымыз керек
2016 ж. 29 қазан
2962
3
Біздің ата-бабаларымыз көп нәрсеге қол жеткізді. Еуропалық және араб жихангерлері – қазақтар – жақсы мұсылмандар деп жазған. Олар өз қағидаттарына берік. Біздің мазхаб, біздің діни түсінігіміз – жақсы дүние. Атап айтарлығы, біздің ата-бабаларымыз амалдап, басқа ислам орталықтарымен жақсы байланыс орнатып, балаларын оқуға жіберіп отырған. Қожа Ахмет Яссауиден бастап, ислам қағидаттарын көшпенді қазаққа түсінікті өлең сөзге аударған уағыз айтушы нишандар шоғыры болған. Қарап отырсақ, біздің мақал-мәтелдеріміз шариғаттан бастау алады. Олай болса, ислам біздің дүниетанымымызда. Біз оны түсінеміз бе, түсінбейміз бе, мойындаймыз ба, мойындамаймыз ба, оның маңызы жоқ, ол бар. Қазіргі мәселе, дәстүрімізді ол прогресске келтірмейтіндей және қоғамды күйретпейтіндей, біздің тарих тасқынында құрып кетпейтініміздей етіп қалпына келтіріп, замана ағымынан қалып қоймауымызда. Міне, осы ең күрделі философиялық мәселе болуы мүмкін. Біз салафиттер туралы әңгіме қозғап отырмыз. Бірақ біз бір нәрсені — батыстық жахандану бар екенін түсінуіміз керек. Ал бұл дегеніміз батыс өркениетінің баламасы. Бізге: «Жігіттер, батыс – жаман. Біз дін жолын ұсынамыз. Одан да жібі түзу араб болайық», — дейді.
Ал бізге араб болудың қажеті жоқ. Біз қазақ болып қалуымыз керек.Бізге өзіміздің болмысымызды, нанымымызды сақтауымыз керек. Бізге діни философиямен және көзқарастармен қатар оларды тарататын елдердің этномәдени ерекшеліктерінің еліміздің аумағына кіруіне жол бермеген жөн болады.
Айдос Сарым,
365info.kz порталына берген сұхбаттан үзінді