Министрді кім жылатты?
2016 ж. 27 қазан
2474
1
Шымкентте өткен республикалық көрмеге қатысқан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жылап қалды, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Министр Тамара Дүйсенова арбаға танылған мүмкіндігі шектеулі жандардың биін көріп, көз жасына ерік берді.
Айта кетейік, бүгін Шымкентте «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі мен семинар өтті. Семинарды министр Тамара Дүйсенова жүргізіп отырды. Өз сөзінде Дүйсенова елімізде әлеуметтік жобалардың жүзеге асырудың көмегімен таңдырдың түрлі қиындықтарына тап болған 250 мыңнан астам азаматқа қолдау көрсетілгенін атап өтті.