Елімізде Орта Азия мемлекеттері театрларының халықаралық фестивалі өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен биылғы жылдың 24-27 қазаны аралығында «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты VI Орта Азия мемлекеттері театрларының халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы qazaquni.kz порталының тілшісі хабарлайды.

Картинки по запросу театр талдыкорган

Фестивальға Татарстанның Т.А. Минуллин атындағы татар драма театры, Қырғызстанның Т. Әбдімомынов атындағы Ұлттық академиялық театры, Алматы қаласының Бәйтен Омаров атындағы театры, еліміздің Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Астаналық Жастар театры мен Б. Римова атындағы Алматы облыстық драма театрлары қатысады.

Фестивальдың ашылу салтанаты 2016 жылғы 24 қазанда Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында сағат 10.30-да басталады.

Шара одан әрі Б. Римова атындағы облыстық драма театрында жалғасын табады.

Фестиваль ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.

Тел. 8 7282 24-16-94, 24-50-46, e-mail: kultura-tald@mail.ru

qazaquni.kz