Танымал саясаткер Болат Әбіловтің жұбайы қайтыс болды

Танымал саясаткер әрі бизнесмен Болат Әбіловтің жұбайы Айгүл Әбілова ауыр дерттен көз жұмды.

Танымал саясаткер Болат Әбіловтің жұбайы қайтыс болдыБұл туралы Facebook әлеуметтік желісінің қолданушылары хабарлады.

Көпшілік Болат Әбіловтің парақшасында марқұмның артынан көңіл айтуда. Олардың арасында Әміржан Қосанов, Ермұрат Бапи, Сергей Погосян, Лейла Ақынжановалар бар.

Қолданушылардың бірі Айгүл Әбілованың ауыр дерттен қайтыс болғанын жазады. Tengrinews.kz сайтына Әбіловтер отбасының жақындары Айгүл Әбілованың қайтыс болғанын растаған.

Марқұмның артынан екі қыз, бір ұлы қалды.