Мосулда ИГИЛ содырлары 16 тұрғынды көпірден лақтырып жіберді (ВИДЕО)
2016 ж. 23 қазан
2173
0
Ирактың Мосул қаласында «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» 16 адамды өлтірді. Содырдар бейбіт тұрғындарды көпірден лақтырып жіберген. Осының алдында экстремистердің 284 адамды қырып салғаны туралы 24.kz арнасы хабарлаған еді.
Марқұмдардың барлығы – ер адамдар. Арасында балалар да бар. Еске сала кетейік, Ирак әскері мен күрд жасағы Мосулды радикалдардан азат ету операциясын 17 қазанда бастаған еді. Жергілікті қарулы күштерге АҚШ бастаған әскери коалицияның әуе күштері қолдау көрсетіп жатыр.
qazaquni.kz