Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге тыйым салынады (ВИДЕО)

Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге тыйым салынатын болады

Қазақстанда мектеп оқушыларына хиджап киюге тыйым салынады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Білім және ғылым министрлігінің бірыңғай мектеп формасын сақтау жөніндегі бұйрығы бойынша осы жылдың қаңтар айынан бастап орта білім ордаларындағы киім үлгісіне өзгерістер енгізілген болатын. Бұл талап бойынша оқушылардың барлығы бірдей киінуі тиіс.

Сонымен қатар киім кию үлгісінде діни атрибуттарға жол берілмейтіндігі анық көрсетілген. Бұл талаптар еліміздің аймақтарында қалай жүзеге асырылып жатыр? Атырау облысындағы 192 мектепте 110 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Министрлік тарапынан енгізілген жаңалықтар өткен оқу жылынан бастап қолданысқа енгізілген болатын. Мектептердегі киім үлгісін сақтау жөніндегі ережелер мен талаптар алдымен облыс орталығынан басталды.