Қанат Тасыбековтің кезекті кітабы жарыққа көрді
2016 ж. 15 қазан
2715
1
Қазанның 15-күні Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жазушы Қанат Тасыбековтің "Ситуативті Қазақстан, ІІІ том, Сөздік" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл туралы "Қазақ Үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
Атап өту керек, аталмыш кітап бүгінде елімізде ең үлкен сұранысқа ие фолианттың бірі.
Жазушының бұған дейін жарық көрген «Жағдаяттық қазақ тілі» атты кітабы «Эксперт Казахстан» интернет-порталының мәліметі бойынша Қазақстан азаматтарының ұлттық сана-сезімін қалыптастырған «Топ-100» тізіміне енген.
Автор 2013 жылы қазақ тілін үйретуге арналған инновациялық әдісі үшін «Тіл жанашары» құрмет белгісімен және 2016 жылы Қазақстан қоғамындағы бірлік пен тұрақтылыққа үлес қосқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын белгісімен марапатталды.
Бүгінгі танда Қанат Тасыбековтың әдістемесі елімездің көп аймақтарында қазақ тіл курстары аясында қолданылады.
Алтай Сағидолда,
qazaquni.kz