Полициямыз халықты тонауды қашан қояды?

15
3652

Жолда полиция қаптап тұратын тек біздің мемлекет пе деп ойлаймын. Алыс бармай ақ мына қытайда да жүрдім. Ресей жерлерін басып монғол еліне де өттік. Байқағаным, Қазақстан шекарасынан шыққан жүргізуші тұтқыннан босағандай əсерде болады екен.

Кеше ресей шекарасын басып келген жолаушылардың да айтқаны сол «жолы да жақсы рахаттанып жүресің. Жолда 300-500км-де бір полиция тұрса тұрады. Оның өзі бет алды тоқтатпайды. Ал қалай Қазақ шекарасына кіреміз, өзі мың шұқыр тесік жүйкені жеп келе жатса, айналасы 100 км жолда 9-10 жерде полиция тұрады» дейді.

Бұл расымен масқара!

Ұят! Тонау!

Полицияға халықты тонатып отыр!

Жолдың бəрін автоматтандыру керек. Қамера, спутник, басқа да бақылау тәсілі жеткілікті. Техника технология дамыған кез. Оған қаражат та жоқ емес. Азын аулақ полиция жолды потрулироват етіп жүру керек. Ал қалған состав қандай да шұғыл жағыдайға дайын тұруы керек. Ал бізде бір жерде қаза болса, айналада толып жүрсе де кем дегенде бір, біржарым сағат күтеміз. Себебі бəрі «охотада». Патрул жүріп жүріп сақтандырып, алдын алып бақылап жүру керек. Тұрып алып охота жасамау керек.

Бізде полиция қате жасап қоймауын қадағаламайды. Керісінше қате жасаса екен деп аңдып жүреді. Қате жасағанша ескертпейді. Қате жасауыңды күтіп тұрып «айыппұл саламын» деп бопсалайды. Мысылға, өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой. Жаяу жүргіншілер өтетін белгі тұрған жердің ары жағына барып, күтіп тұрады. Неге? Жаяу жүргіншілерді өткізбесе ұстап «айыппұл саламын» деп бопсалау керек оларға. Ал шындығында олар сол белгінің қасында тұрып сол қателіктің орын алмауын қадағалау керек.

***

Ұзын сөздің қысқасы, «жолда полициясыз тəртіп болмайды» деген ескі қағидадан айыру керек. Қазір жолды бақылауда полиция қызметін алмастыратын техника, технологияның неше түрі дамыған кез. Ал полиция сол техниканың байқаған қателіктерімен жұмыс жасау керек. Бұл жол бойындағы полиция қауіпсіздігі, денсаулығы үшін де, адамдардың жолда еркін, қауіпсіз жүруіне де, жемқорлықтың жолын кесуге де, əділдікке де үлесі зор.

Бұл мемлекетке де, халыққа да пайдалы. Ортада делдал, ымыра, бопсалау, жемқорлық (5000 айыппұл салдырғанша 2000 қолға беріп құтылып кетейін) болмайды. Кикілжің, ұрыс-керіс, түсініспеушілік, қылмыс деген болмайды. Полиция да өз қадір қасиетін жоғалтпайды. Мемлекеттің де бет беделіне жаман адамдардың кесірінен нұқсан келмейді.

Ал қаптаған патрулдарды табиғат тосын жағыдайлары (қыс, мұз, қар, жолды су басу, өрт), қылмыс және басқа төтенше жағыдайларда ғана шығару керек.

Серік Өміртайдың фейсбуктегі жазбасынан

15 ПІКІРЛЕР

  1. 50 деген белги менимше гаига мат помощь есебинде бериледи. Балхаштан алматыга деин 600км. 50 км деген знакты санасан почти 400км елу мен журу керек . Каждый знактынын астында 1 гаишник. Барине толейсин

  2. Бұлай айтқан мен пайда жоқ, фактымен көрсету керек. Неше км сайын тұрып жұмыс жасап жатқандарын фото видео материал дайындап жоғарғы жақа жіберу керек. Содан соң қозғалыс болуы мүмкін.

  3. Диздин ел унамаса сол Ресей, Манголя жерине кошсениздер болады, АГАЙЫН! Казак елин сынай бергенше сол жемкорлыкты токтатуга озимиз ат салыспаймыз ба, бул нарсе неге токтамай тур елимизде ойткени биз динимизди умыттык, дуние ушин баринде сатуга дайынбыз! Сондыктан арким оз басын жане отбасын жондесе мундай келенсиздик токтайды ин ша Алла. Алла баринизге хидаят(тура жол) берсин.

  4. Елді мекендерде ғана емес, трассада да толып жүр ( әрине, тәртіп орнату үшін емес, жемтік іздеген қарақұстай өз халқын тонау үшін)… Алматыдан шықсаң, 19 шақырымда топ тобымен полициясы, шестеркасы бар,басқа жұмыс табылмағандай шоғырланып, көзге бірден қарақұсқа да, үйірімен жүрген гиенаға да ұқсап көрінеді. Әрі қарай, Отардан Меркеге дейін,одан әрі Шымкентке дейін алысқа жасырын радар камерасымен айдалада «жемтігін» аулап,бопсалап, қарындарын «тойдырып» жүре береді…

  5. Штраф сомасын шамадан тыс көтеру полиция жемқорляғяна төте жол ашты. Ал штраф деңгейі бір пенсияға жете қабыл. Халықтың табысы мен штраф арасында байланыс жоқ. Нақты орта табыс 120 мың емес. Ол 50 мың болса, ең мықты айыппұл соның 25 % аспауы керек қой.

  6. Здравствуйте! На ЗЕ-ЗК очень мало дорожных знаков, там какая максимальная разрешенная скорость?
    Ответ на вопрос №431
    18 марта 2016 г.
    Уважаемый Серик, максимальная разрешенная скорость по Казахстанским участкам международного транзитного коридора «Западная Европа – Западный Китай» при отсутствии барьерных ограждений на разделительной полосе дороги составляет 120 км/ч, а при их наличие – 140 км/ч.
    ++++++++++++++++++
    Батыс Қытай-Батыс Еуропа сайтына қойған сұрағыма жоғарыдағыдай жауап жазған болатын, ал жақында теледидардан бір гаи қызметкері рұхсат етілген ең көп жылдамдық 110км/сағ-деп айтты. Сонда біз кімге сенуіміз керек?Мұны анықтап біліп алмасақ ертең жол бойы аш жүрген полиция қызметкерлеріне тағы да жем боламыз…. :aaa:

  7. Здравствуйте! На ЗЕ-ЗК очень мало дорожных знаков, там какая максимальная разрешенная скорость?
    Ответ на вопрос №431
    18 марта 2016 г.
    Уважаемый Серик, максимальная разрешенная скорость по Казахстанским участкам международного транзитного коридора «Западная Европа – Западный Китай» при отсутствии барьерных ограждений на разделительной полосе дороги составляет 120 км/ч, а при их наличие – 140 км/ч.
    ++++++++++++++++++
    Батыс Қытай-Батыс Еуропа сайтына қойған сұрағыма жоғарыдағыдай жауап жазған болатын, ал жақында теледидардан бір гаи қызметкері рұхсат етілген ең көп жылдамдық 110км/сағ-деп айтты. Сонда біз кімге сенуіміз керек? :aaa:

  8. Толық қосыламын, 50 деген белгіні қайта қарайтын уақыт келді. Елді мекенге кіре беріске қою керек, елге келмей жатып койып қояды белгіні. Адам жүретін жерге қойса болады.

  9. Колдаймын шынында да калыкты тонап жатканы расПолицеилер куныгып кеткен акша алады калтага туселi бюджетке тусуi киын.Жогарыдан реид откизип тексерсин МАИ кызметкерлерин.

  10. Бұл талапты жоғарғы жаққа қою керек. Орынды мәселе. Елдің бәрі ақымақ тобыр емес. Полиция халықты солай санайды. Бірлі жарым ақымақ, ақшасына, билігіне сенген ереже бұзатындар бар әрине. Бірақ олардың тұмсығын балта шаппайды.
    Жол жөнекей жол жөндеу деген белгі қойып, жылдамдықты шегеріп итіңді шығаралы, ар жағына тұрып алып. Бір ауылда 40 тұрады, бірауылда 50, 60 не 70 тұрады. Неге? Бір ауылда соқырлар, мүгедектер тұра ма, басқа ауылда жел аяқтар тұра ма? Шақпақ асуында неге 60 қойған? Кей жерде белгі қояды, ал қайда бітетіні белгісіз. Артында жолпол күтіп тұрады, заңды түрде. Президет халықаралық деңгейде неше рет айтты, Қытай мен Батыс Европа жолы бітті деп. Елбасы өтірік айтып отыр ма, әлде оған өтірік ақпарат беріп адастырып отыр ма? Кімдер? Жол әлі толық бітпеген, не бітпейтін жөндеу жұмыстары тоқтамай жүріп жатыр. Кімдер кінәлі? Жемқорлар бірін бірі жасырып елді масқаралауы қашан бітеді екен?
    Полиция деген мысық тілеулі жексұрындарға айналғаны елге аян. Халықтың бақытсыздығынан семіріп, байып бітті.

  11. Аргыдары тоймайды ,Бергидери коймайды ,Пареге ози уйретед ,Садакасыз болмайды. – деп жургиншилер айтады деген рас-ау.Жол жургендерден оз касибин табуга ОХОТка шыгатындарды азайтса боладыгой… .

  12. Бул маселе айтылып келе жатыр,жауыр болган тирлик.бирак жогарыдагылар ман берер емес,елемеген,естимеген сынай танытуда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз