АЛМАТЫДА ТЕРАКТ ЖОСПАРЛАҒАН ТАҒЫ ҮШ РАДИКАЛ ҰСТАЛДЫ
2016 ж. 11 қазан
1833
0
Алматы аумағында лаңкестік әрекеттер жасауды жоспарлаған радикалдық топтың үш мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2016 жылғы 10 қазанда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесін ұстады» делінген хабарламада.
Арнайы орган қызметкерлері ұсталғандардан қолдан істелетін жарылғыш құрылғы құрауыштары және детонаторлар, теракті жасауға үндейтін діни-экстремистік материалдар тапқан. ҰҚК баспасөз қызметі осы жылдың басынан бері Алматы қаласында ҰҚК органдары 29 радикалды ниеттегі тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолын кескенін де хабарлады.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.