AlmaU бизнес жоғары мектебі АМВА жаһандық аккредитациясынан өтті

AlmaU Бизнес Жоғары Мектебінің МВА бағдарламалары - Орталық Азия мен Қазақстанда АМВА (Association of MBA's, UK, London) аккредитациясына ие жалғыз бағдарлама. Бұл оқиға тек Алматы Менеджмент Университетін ғана мойындау емес, бұл тұтастай қазақстандық білім беру жүйесін тану, - деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі.

Картинки по запросу AlmaU

Естеріңізге сала кеткіміз келетіні алғаш рет AMBA жаһандық аккредиттеуден AlmaU университеті (ол кезде Халықаралық Бизнес Академиясы) 2013 жылы үш жыл мерзімге алған болатын. Міне, жақында AlmaU реаккредитациядан ойдағыдай өтті деген ресми растау келді, барынша мүмкін мерзімі – 5 жыл.

Айта кету керек, AMBA аккредитациясына 53 елдің небәрі 238 мектебі ғана ие ( қазіргі уақытта әлемдегі 15 мыңға жуық мектептің ішінен). Осылайша, Aлматы Менеджмент Университеті әлемдегі үздік 238 бизнес-мектептің қатарында қалды, атап айтқанда, мына сияқты: HEC, INSEAD, Rouen Business School, City University of Hong Kong College of Business, Maastricht School of Management, Birmingham Business School, Warwick Business School, Westminster Business School және т. б.

AlmaU - Орталық Азия мен Қазақстандағы AMBA аккредитациясына лайықты жалғыз бизнес-жоо. ТМД-да AlmaU-мен қатар AMBA аккредитациясына 13 ресейлік және 2-украиндық бизнес-мектептер қосылады.

АМВА - "үш тәж" (triple crown) қатарына кіретін әлемдік ең беделді бизнес-аккредитацияның бірі. Басқа екеуі Еуропалық менеджментті дамыту қорының (EFMD) AACSB атынан Association to Advance Collegiate Schools of Business (USA) және EQUIS - European Quality Improvement System беріледі. Осы үш қауымдастықтың құрметіне ие болу – әлемдегі кез келген бизнес-мектебінің көкейтесті мақсаты. Олардың беделі уақытпен сыналған, осы қауымдастықтар аккредиттеуден өткізген оқу орындары бүкіл әлемге танымал бренді болып табылады. Мәселен, бизнес-жоғары оқу орындарының тек бір пайызы (78) үш аккредиттеуге ие. Олардың ішінде әлемге белгілі Harvard Business School, Cambridge, Oxford, London Business School сияқты оқу мекемелері бар.

Аккредитацияның мәнін түсіну үшін оның артықшылықтарын білу керек, яғни ол кімге және не үшін қажет. Атап айтқанда, жоо-ның аккредитациядан өтуі ірі рейтингтік немесе аккредитация агенттігінде студенттер үшін даусыз "артықшылықтарға" ие көрсеткіш : олар оқуға түсер кезіндегі жоо-ны таңдауда бағдар болады; сапасыз білім алудан қорғайды; жоғарғы оқу орындарына өзара бір бірінің кредиттерін қабылдауға мүмкіндік береді; студенттердің академиялық ұтқырлығына ықпал етеді; шетелдік жоо-ларда оқуларын жалғастыруға мүмкіндік береді; басқа оқу орындарына (аккредитациядан өтпеген жоо-лар) қарағанда жұмысқа тұру кезінде әрі мансабын көтеруде көптеген мүмкіншілік беріледі.

Өз кезегінде, қоғам аккредиттеу жүйесінің арқасында жоғарғы оқу орындары мен колледждердегі оқыту сапасы туралы сенімді және нақты ақпарат алады. Адами ресурстардың бәсекеге қабілеттілігі артады, әлеуметтік саланы дамытуға ынта пайда болады. Жоғарғы оқу орындары, мемлекет және жұмыс берушілер, әрине, аккредиттеу жүйесін құрғаннан бірқатар артықшылықтарға ие болады.

Әлбетте, ол көпшіліктің тұтынушылық талаптарына сай келе отырып, қоғамның мүддесіне қызмет етеді. Аккредиттеу ерікті іс болса да, қазіргі заман шарттары, жаһандану үдерістері, заманауи

өзгерістер мықты жоо-ларды мәртебелерін және рейтингті көтеру үшін халықаралық аккредиттеуден өтуге мәжбүрлейді.

AMBA аккредидациясы AlmaU МВА мектебі түлектеріне бүкіл әлемде дипломдарының мойындалатынына кепілдік береді. Almaty Management University өз тыңдаушыларына білім беру сапасын жаһандық деңгейде растайтын AMBA сертификатын ұсынады. Алайда, бұл АМВА-ға мүшеліктің жалғыз артықшылығы емес.

Жыл сайын AMBA Қауымдастығы өз түлектері жайында "Мекен-жай кітабын" шығарады, онда топ бизнес-мектептерінің тыңдаушылары қатарында AlmaU студенттері де бар. Осылайша, Қауымдастық өзі аккредитациядан өткізген университет түлектерінің жұмысқа тұруына және олардың мансаптарының өсуіне көмектеседі.