Танымал әнші Серікбол Сайлаубек көшеде қайыр сұрап жүр

Қазақ эстрадасының әншісі Серікбол Сайлаубек бейнебаян түсіруге ақша таппай, халықтан көмек сұрап жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

111

Халық арасында “Ой, жеңге” әнімен танымал болып, тойдың көркін қыздырып жүрген Серікбол Сайлаубек бейнебаян түсіруге ақша таппай жүр. Ол”Клип түсіруге ақша жоқ” деп жазып алып, көше аралауға кірісті. Оның бұл суретін желіге танымал тележүргізуші Мұхит Сапарбаев салған.

Естеріңізге салсақ, Серікбол Сайлаубек бұған дейін киноға түсіп жатқанын мәлімдеген. Бұл суретті не үшін түсіргенін әнші әлі түсіндірген жоқ. Дегенмен, бұл да пиярдың бір түрі деп санайды оның тыңдармандары.