Талғат Ермегияевтің тәркіленген қымбат көліктері сатылымға шығарылды (фото)
2016 ж. 27 қыркүйек
2447
1
"Астана ЭКСПО-2017" экс-басшысы Талғат Ермегияевтің тәркіленген қымбат көліктері сатылымға шығарылды. Мемлекеттік реестр көліктердің фотосын жария етті.
Ермегияевтің ақ және қара түсті екі Lexus LX 570 және Mercedes-Benz S 500 көліктері тәркіге алынған болатын. Сатылымға шығарылған көліктерден түскен табыс мелмекет бюджетіне қосылады.





