Ұзынағашта үш ағайындыны атып өлтірген күдіктілердің аты-жөні анықталды

Өткен жексенбі, яғни 18 қыркүйек күні, Ұзынағаш базарында мал сатумен айналысып жүріп жоғалып, соңында сүйектері табылған үш азаматтың өліміне қатысты қылмыскерлердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Ұзынағашта үш ағайындыны атып өлтірген күдіктілердің аты-жөні анықталды1979 жылы туған Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттердің қылмыскерлер қолынан қаза тапқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Қазаға ұшыраған азаматтардың жақындары бүгін Сот сараптамалық орталығынан үш мәйітті алып, Алматы облысы Көксу ауданына алып кетті.

Олардың өліміне Жамбыл облысының тумасы – Талғат және Оңалбаев Мұрат есімді адамдар кінәлі. Олар, аталған үш азаматты 18 қыркүйек күні кешке қарай 16:00-17:00 аралығында екеуін басынан, біреуін кеудесінен атып өлтірген.