ПЕРУАШЕВ ПАРАЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНІҢ СЫЙАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ СҰРАДЫ

9
2267

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев олимпиада жүлдегерлері мен паралимпиадалық ойындарға қатысқан спортшылардың сыйақыларын теңестіруді сұрады.

Мәжілісменнің айтуынша, әлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жетістігі дені сау спортшылардың жеңісінен жоғары бағаланады. Ал бізде бәрі керісінше. Риодағы паралимпиадада жүлдегер атанған мүгедектер дені сау спортшыларға қарағанда 5 есе төмен сыйақы алған. «Қазақстандық паралимпиада жеңімпаздары асқан батылдық көрсете отырып, қарсыластарынан озып келіп, өз елінде бағаланбай отыр. Біздің ойымызша, мемлекет барлық азаматтарының, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спорттық жетістіктерін тең дәрежеде бағалау керек. Бұл жерде әділетсіздік бар. Себебі кәдімгі олимпиаданың жеңімпаздарына мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы 250 мың доллар болса, ал мүгедек спортшылардың сыйақысы ең көбі 50 мың доллар. Яғни, бес есе кем» деді Азат Перуашев.
Рио-де-Жанейрода өткен паралимпиада ойындарында Зульфия Габидуллина суда жүзуден алтын, зілтемірші Раушан Қойшыбаева күміс медальдың иегері атанған. Үкімет Зульфияға 50 мың, Раушанға 35 мың доллар сыйақы белгілепті. Ал он екі мүшесі сау олимпиада чемпиондарына 250 мың долларға дейін таратылған болатын. Оларға қымбат темір тұлпар мен пәтер кілті де табысталды.


***
Айта кетейік, Азат Перуашев бастаған депутаттардың талабы орындалды. Паралимпиада жеңімпаздарының сыйақысы үш есе көтерілді. Оны жеңімпаздарды қарсы алуға барған Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Зейнолла АБАЖАН

qazaquni.kz

 

9 ПІКІРЛЕР

  1. Біздің үкімет ұяттың, жанашырлықтың не екенін білмейді. Олимпиадаға барған мүгедек спортшылардың қатысқаны үшін бәріне аз да болса сыйақы берсе өліп қалар ма еді. Соншалықты ақшаны оффшорларға апарып тығып жатыр ғой өздері. Рақымет Азатқа! :shoshu:

  2. Азат – азамат! Үнемі төменгі таптың, кәсіпкерлердің қамын ойлайды. Қалған депутататтар нансоғар арамтамақтар.

  3. Оларға тіпті Еңбек Ері атағын берсе де артық болмайды. Барлық жағдайларын жасау керек
    Ай сайын алып отыратын стипендия, грант сияқты өмір бойына берілетін ақшалай, материалдық көмектерді заңдастыру керек.

  4. Дұрыс! Мүгедек адам сондай жетістікке жетсе, кемітпей қайта артығымен төлеу керек емес пе? Рахмет, Азат бауырым!

  5. Үш есе емес, он есе көтеру керек еді. Ұят деген болу керек қой. Дені сау адамнан да жоғары ерлік көрсетіп отыр ғой олар.

  6. Дұрыс болд, әділдік болу керек қой. Перуашевқа рақымет! Мүгедек жеңімпаздар рухы биік адамдар. Ел намысын қорғап, еліміздің атын шығарды. Олар қандай да сыйақыға лайықты!

жамбыл үшін пікір үстеу болдырмау

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз