Назарбаеваға халал балабақшалар ұнамайды, Сағадиевке бәрібір...
2016 ж. 23 қыркүйек
2432
10
Халал балабақшалар Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша сенат комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның ашуына тиді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Азаттық Радиосына" сілтеме жасап хабарлайды.

Дариға Назарбаева кездесу барысында еліміздің полицейлерінің құзыретін кеңейту ұсынысын жасады.
"Полицияның статусын қайта қарау керек деп санаймын. Оларға оқыс жағдайларда белсенді тойтарыс бере алуы үшін көбірек құзірет беру керек. Алматыда қаза болған полицейлер барлық қажет шараларды қолданғанымен, адам шығыны болды", - деді Назарбаева Алматыда 18 шілде күні болған қайғылы жайтты еске сала отырып.