Апаттан арашаланды

0
614

Жексенбі күні 2 құтқару операциясы барысында Алматы және Атырау облыстарының жолдарында қар құрсауында қалып қойған 12 адам және 4 автокөлік эвакуацияланды деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.
Ведомствоның хабарлауынша, таңғы сағат 9-да Алакөл ауданы Үшарал қаласынан Достық станциясы бағытында жолға шыққан тұрғындарды іздестіру жұмыстары басталды.
Toyota және ВАЗ көліктерімен қарға қамалып қалған 4 адамды 2,5 сағаттан кейін аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері мен ҚР ҚМ 40398 ә/б жауынгерлері тауып алды. Жолда қалып қойған адамдар қар құрсауында тағы бір Toyota көлігі қалып қойғанын айтқан, ондағы адамдар да құтқарылды.
Атырау облысында сағат 17:12-де басталған тағы бір құтқару операциясының нәтижесінде 2 көлікпен Жылыой ауданы Күлсары елді мекенінен 30 шақырым жерде 2 көлікпен қарға қамалып қалған 5 адам құтқарылды.
Құтқарылғандардың арасында үсіген және зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды ТЖМ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз