Жетінші сыныптың оқулығында Сабина Алтынбекова не істеп жүр?!.
2016 ж. 21 қыркүйек
3867
0
Қазақстандағы спортшы қыздардың арасында елге кеңінен танылған Сабина Алтынбекованың суреті 7-сыныпқа арналған орыс тілі кітабының ішінде жүр деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дина Ибраева есімді азаматша әлеуметтік желідегі жеке парақшасына оқулықтың бетін суретке түсіріп салған. Оның айтуынша, кітап «Атамұра» баспасынан шыққан.
«7-сыныпта оқитын жиенімнің орыс тілі кітабында Сабина Алтынбекованың суреті жүр. «Сұлулық, аниме, фолловер, инстаграм... Қазіргі орыс тілінің оқулығы осындай сөздермен толығыпты», - деп жазған Дина Ибраева.


Оның келбеті әсіресе шығыс және оңтүстік-шығыс халқын тамсандырды. Қазір Алтынбекованың Instagram парақшасында 608 мың тіркелуші бар.