Еліміздегі автобустардың бірінде Назарбаевтан айнымайтын адам көзге түсті (фото)

Қазақстан президентінен айнымайтын ер адамның автобуста отырған фотосы жұртты өзіне қаратты. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздегі автобустардың бірінде Назарбаевтан айнымайтын адам көзге түсті (фото)"Мемлекет басшысының" фотосы Instagram-аккаунттарының бірінде пайда болған. 30 минут ішінде оны 7 мың қолданушы тамашалап үлгерген деп жазады сайт.

Олардың кейбірі фотодағы ер адам расымен Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі деген тұжырымға келген. Өзге қолданушылар фото авторы фотошопты қолданып жұртты алдап отыр деген пікір білдірді.

Айта кетерлігі, Нұрсұлтан Назарбаевтан айнымайтын азаматтардың бірі - Қостанайда тұратын Сәрсенбай Доданов.