ҚАЗАҚСТАН САНДЫҚ ТЕЛЕАРНАҒА КӨШТІ

Қазақстанда сандық телеарнаға көшу 3 кезеңде жүзеге асырылып, 2015 жылы аяқталады. Бұл туралы Алматыда өткен үшінші медиақұрылтай барысында ҚР БАМ Ақпарат және мұрағат комитетініңтөрағасы Болат Берсебаев айтты. «Сандықтелеарнаға көшудің бірінші кезеңі – «Спутниктік сандық телеарнаны» енгізуді биылғы жылдың аяғына дейін жүзеге асыру көзделген. Бұл бойынша спутниктің мультиплекс, яғни контенттік топтама енгізіледі. Бұл топтамаға қанша телеарна енгізілетіні Үкімет басшысының төрағалығымен өтетін республикалық кеңесте айқындалады. Ресейде спутниктік мультиплекске 37+1 арна, ал жерлік спутниктік таратудың топтамасына 12-14 арна енгізілген. Ал екінші кезеңде жерлік спутниктің тарату жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Үшінші кезеңде аймақтық мультиплескстерді қалыптастыру жоспарланған»,- деді Б.Берсебаев. Ол сондай-ақ өз сөзінде сандық телеарнаны енгізудің әлеуметтік маңызды жоба екендігіне тоқталды. «Қазақстан халқының 50 пайызына жуығы өз арналарымызды көре алмайды. Мысалы алыс ауылды жерлерде отандық телеарналардың сигналдары нашар. Сондықтан ауыл халқының көбі спутниктік табақшалар арқылы басқа елдің арналарын көреді. Олар көретін арналардың ішінде небір бейәдеп дүниелерді ұсынатын БАҚ-тар бар. Сондықтан сандық телеарнаға көшу ақпараттық қауіпсіздігімізді сақтауға, көрермендерімізге өз өнімдерімізді ұсынуға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті ол. Ал Ұлттық телекоммуникация қауым­дастығы өкілдерінің айтуынша, сандықтелеарнаға көшуді тездеткен жөн. «Өйткені бұның жоғарыдағы мәселелермен қатар техникалық әлеуеті де зор. Сандық жүйе қосылса қазір біз көріп отырған 10 балама арнаның орнына 70 арнаны, 3D форматындағы туындыларды көруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, бір арнаның 2-3 тілде ақпарат таратып, қазақ, орыс тілдерінде қатар көруге, қазіргі 50/50 деген мәселені шешуге мүмкіндік туар еді. Өйткені көрермен бір арнаны өзі қалаған тілінде көре алады»- дейді қауымдастық өкілі.

 

 

www.qogam.kz