Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Қазақстан халықтарының тілдері күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай үздік қазақтілді интернет-сайт байқауына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.
«Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы жарияланды
2016 ж. 21 қыркүйек
2202
0
Байқау өткізудегі серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.
Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттауға, ақпараттық ресурстар мен сервистердің саны мен сапасын арттыруға, желі қолданушыларының қызығушылығын ұлғайтуға, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және үздіктердің танымалдылығын көтеруге ықпал ету.
Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар, ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, қазақ тілінде ақпарат тарататын және қызмет түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген сайт қатыса алады. Байқауға мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқалары (газет, тв, радио) қатыса алмайды.
Сыйлық мынадай номинациялар бойынша тағайындалады: «Өткір тіл» — қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт, «Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттаушы үздік сайт, «Терең ізденіс» — қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт, «Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт,«Спорт тынысы» - салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт, «Білім бұлағы» - білім беретін үздік сайт,«Жастар әлемі» - жастар тақырыбына арналған үздік сайт.
Әрбір номинация бойынша жеңімпазға 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылады. Байқау қорытындысы осы жылғы қазан айының соңында шығады.
Байқау жеңімпаздарын белгілі қоғам қайраткерлері, қаламгер-журнали
Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі
Байқау ережесімен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының сайттарынан танысуға болады.
Байқауға өтінімдер Мемлекеттік тілді дамыту қорының info@qazaq-found