Нью-Йорк қаласының орталығында жойқын жарылыс болды (фото, видео)

0
1217

Нью-Йорк қаласының орталығында жойқын жарылыс болды. Салдарынан 29 адам жарақат алған. Біреуінің жағдайы ауыр деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін 25 адамның жараланғандығы туралы хабарланған. Оқыс оқиғаға қолдан жасалған жарылғыш заттың іске қосылуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол қоқыс контейнерінің ішіне салынған. Жарылыстан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары шұғыл түрде эвакуацияланды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазионың айтуынша, әзірге оқиғаның лаңкестік әрекетпен байланысы барын дәлелдейтін айғақ жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз