Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы облысында автошеру өтеді

0
3891

2016 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған автошеру өтеді. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап «Қазақ Үні» ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.

Картинки по запросу тәуелсіздікке 25 жыл

Аталмыш шара Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен «Алматы облысы студенттерінің одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді.

Автошеру – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған және «100 қадам» Ұлт Жоспары, «Нұрлы жол» бағдарламасындағы Тәуелсіздікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған мәселелерді талқылау, мемлекеттікті, Қазақстан азаматтарының тағдырының бір екендігін, «Мәңгілік ел» мен «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттауға бағытталған.

Автошеру командасының құрамына атақты спортшылар, әншілер, дәрігерлер, «Даму» қоры, Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, журналистер, блогерлер, қоғам қайраткерлері және заңгерлер енеді. Алматы облысының 25 ауылы мен 2 қаласын қамтиды.

Автошерудің жол жүру бағыты:

20.09.2016 жыл – Қарасай ауданы: Қаскелең қаласы, Шамалған станциясы, Елтай ауылдық округі.

21.09.2016 жыл – Іле ауданы: Өтеген Батыр ауылы, Ащыбұлақ ауылдық округі, Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі.

22.09.2016 жыл – Талғар ауданы: Талғар қаласы, Тұздыбастау ауылдық округі, Белбұлақ ауылдық округі,

23.09.2016 жыл – Еңбекшіқазақ ауданы: Есік қаласы, Шелек ауылдық округі.

24.09.2016 жыл – Райымбек ауданы Кеген ауылы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы.

25.09.2016 жыл – Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округі, Тасқарасу ауылдық округі. Панфилов ауданы, Жаркент қаласы.

26.09.2016 жыл – Панфилов ауданы Көктал ауылдық округі, Қоңырөлең ауылдық округі, Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округі, Қызылжар ауылдық округі.

27.09.2016 жыл – Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы, Сарыбұлақ ауылдық округі, Ескелді ауданы Сырымбет ауылдық округі, Төлеңгіт ауылдық округі.

28.09.2016 жыл – Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті, Текелі қаласы, Талдықорған қаласы.

qazaquni.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз