Отандық танымал саясаттанушы сәләфиттердің ата-аналарын да жазалауды ұсынды
2016 ж. 16 қыркүйек
2526
3
Лаңкестердің ата-аналары балаларының жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылуы қажет, деп мәлімдеді Қазақстан Азаматтық альянсының басшысы Нұрлан Ерімбетов.
Парламент мәжіліс депутаттары (кіші палата) қыркүйек айында «экстремизм мен терроризм» мәселелеріне байланысты заңды қайта қарастырып жатыр. Заң бойынша, экстремизм мен терроризмге қатысты қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздеп отыр. Мәжіліс депутаттары мен қоғам мүшелері бұл заңнаманы қарауды жалғастыруда.
«Ата – аналардың да жауапкершілікке тартылу себебі олар өз балаларының қайда кетіп, қайда қонып, қай күйде келетінін, не жайында айтатынын көріп жүреді, балалары көз алдында. Менің ойымша, баласын жазаласақ, ата- анасын да жазалау қажет», - деп мәлімдеді Нұрлан Ерімбетов жұмыс тобының отырысында.
Қазіргі балалардың бос жүрмеуін қадағалау керек деген Ерімбетов өзінің балалық шағында қандай істермен айналысқанын айта кетті.
«Мен өз балалық шағымды керемет деп айта алмаймын, бірақ мен таңертең мектепке, түсте музыкалық мектепке баратынмын, домбырада ойнайтынмын, кешке спорт секциясына қатысатынмын, содан соң үйге келіп, сабағымды оқитынмын", - дейді ол.
Ерімбетовтің айтуынша, алайда бүгін барлығы өзгеше адамдарды түрлі секталар қызықтыруда.
«Менің ойымша, бүгінгі таңда, жергілікті атқарушы ұйымдарға, мәслихаттарға, ауыл мен облыстарға міндетті нормативтерді орындайтын ұйымдар қажет, балалар бос жүрмеуі керек», - деп қорытындылады Ерімбетов.