Рамзан Қадыров қазақстандық науқас қызға көмектесті (ФОТО)
2016 ж. 14 қыркүйек
2165
2
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Байқоңырдағы қазақстандық 7 жасар Элиф Нұржановаға ота жасату үшін 10 500 доллар аударды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Айнұр Нұржанованың айтуынша, Қадыровтың өзі Instagram желісіндегі pomogite_elif парақшасына жазып, көмек беруге уәде берген. Ал кейіннен ақша аударған.
"Бұл нағыз бақыт, менің сөзім жоқ. Құрметті @kadyrov_95 сізге көп рақмет, ана ретінде алғыс айтамын. Қуаныштан көзіме жас алып отырмын. Құрметті достар, осы күнге дейін есепшотқа көп қаражат аударылды. Әрқайсысыңызға рақмет айтамын. Мейрамнан соң нақты қанша сома түскенін айтамын. 1 қазанда тексерістен өтеміз. Әлхамдулиллах, біздің есепшот жабылды", - деп жазды Айнұр өзінің парақшасында.
Айта кетейік, қыздың анасы қаражатты әлеуметтік желілер арұылы жинаған. 9 қыркүйекте Түркияда қыздың омыртқасына ота жасалды. Дәрігерлер оның ішкі органдарына қысым түспес үшін барын жасады.