Қожамжаров Мемқызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы атанды
2016 ж. 13 қыркүйек
2834
0
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қайрат Пернешұлы Қожамжаровты Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайрат Қожамжаров 2015 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері министрлігі жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының төрағасы қызметінде болған.