Ақорда Елбасының көкпар тартқан сәті бейнеленген фотоларды жариялады. Баспасөз қызметі бұл жарияланымды Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтіп жатқан Көшпелілердің бүкіләлемдік ІІ ойынымен байланыстырып отыр, – деп жазады qazaquni.kz порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
«Түркі халықтарының дәстүрі мен өнерін, ептілігі мен тектілігін, бірлігі мен ерлігін паш ететін аламан додаға 62 елдің мыңға жуық спортшысы қатысуда. Бұл – көшпелілердің бүгінгі ұрпағының спорт саласында да ешкімге есе жібермейтінін әлемге әйгілейтін шара», – делінген Ақорданың хабарламасында.
© Ақорда
«Түркінің түгел болуы жолында ерен қайраткерлік көрсетіп келе жатқан елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы мүмкіндік туып, қол босағанда атқа мініп, желмен жарыса шабуды, көкпар тартуды сүйетін, ұлтымыздың үздік қасиеттерін бойына жинаған нағыз қазақ перзенті екені жұртқа мәлім. Осы орайда бүгін Фейсбук пайдаланушылары назарына Қазақстан Президентінің көкпар тартып келе жатқан сәтінен түсірілген сирек суретінің бірін ұсынып отырмыз», – дейді баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, осыған дейін Ақорданың баспасөз қызметі елбасының ат үстіндегі сирек суретін жариялаған болатын. Назарбаевтың артында келе жатқан америкалық саясаткер Джеймс Бейкер.
© Ақорда
Фотошоп
Сенсация.конил босап кетти.
Осыны да әңгіме деп. Елбасы атқа мінбей, кім мінеді))))Дұрыс, ақ жол! Жорытқанда жолы болсын!
Президентіміздің денсаулығы мықты болғай! Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, шаттыққа толы күндеріміз таусылмасын!
Еліміз тыныш, жеріміз аман болғай!
Казахгейттин ,,кахарманы’ емес пе артындагы?
Президенттің көкпар тартып жүрген фотосын ғаламторға шығарғанда тұрған не бар екен?!
Қызық суреттер екен. Сақтап қояйын)) Болашақта керек болып қалар.
Таңданбасыңа қоймайды. Президентіміздің көкпар тарта алатын өнері барын білмеппін.
Жігітке жеті өнер де аз деген осы, сегіз қырлы бір сырлы екенін білемін, ауылдың баласы атты тізгіндемек түгілі небір қиыншылықты көрген, жетістікке жету ешкімге де оңай емес.
Қалада өскендіктен болар көкпар ойынын ойнай алмайды екенмін…
Ооо, мынау сирек кездесетін фотолардың бірі ғой. Қызық Президентіміз мұнда қанша жаста екен?!
Қанша спорт түрінде ойнай алады екен? Қылшылдап тұрған жас болсам да мен де санаулы спортқа қабілетім бар.
Елбасы туралы көбісі әліде біле қоймайды. Осындай сирек суреттермен, бос уақытында немен айналысатынын көріге болады.
«Жігітке жетпіс өне де аз» деген осы болар! Еріксіз таң қаламын!
Шетелдіктер қанша мақтанса да дәл біздің қазақтар сияқты бола алмайды, атқа шабу жөнінен. Көрмейсіңдер ма, біздікінің алда келе жатқанын
Кейде отырып, Елбасымызға таң қаламын! Сегіз қырлы бір сырлы!
Бос жүрмей қазақтың дәстүрін дәріптеп, шетелдіктерге паш етіп жүрген ерден айналмайсың ба?
Ат үстінде жүрген азамат, нағыз тізгінші десек те болады, елдің іргесінің беріктігі мен тәуелсіздігінің тұғырлы болуының басты себепкері
Елбасымыз нағыз ер азаматқа лайық үлгі көрсетіп отыр. Атқа міну де өнер.
Бүгінгі күннің нәтижесі бойынша біздің еліміз екінші орныда келе жатыр. Өте жақсы көрсеткіш.
15-20 шақты жыл бұрынғы сурет қой мынау.
Елбасының қолдауымен көшпендлер жарысында үздік көрсеткіш көрсетеміз деген үміттемін.
Сегіз қырлы Елбасымыз жасасын. Байқап отырсам барлық спорт түрінен хабары бар екен.
Елбасымызды бұл қырынан да танып жатырмыз. Керемет!
Суреттің сапасына қарағанда осыдан 20 жыл бұрын түсірілген сияқты ғой
Фотода Президентіміз топ-толық екен, неше жасында түскен суреті екен?
Мына суретті мен бірнеше жерден көрдім. Ешқандай да эксклюзив емес.
Бұл жаңалықты не үшін жариялағандарыңыз түсініксіз. Елбасының суреттерін жарияласа не болыпты екен енді? Сол да жаңалық па?
Қазағымның дархан даласын-ай, бір ауылдан басқа ауылға жету үшін қаншама шақырым жер.
Шіркін, суретке қарап ауылға қайтқым келіп кетті ғой.
Көшбасымыз ел тізгінін ұстағалы талай биіктерді бағындырып келеміз. Кемшіліксіз болмайды, осы күнге тәубе делік. Серілік қанымызда бар қазақпыз, аттың құлағында ойнайтын Елбасымыз саясаттың да тізгінін ұстап алдынға қатарда көш бастап келеді.
Барында бағала деген жақсы сөз бар қазақта. Мықты денсаулық тілеймін.
Бұл ақпарат Tengrinews.kz сайтынан алынған. Гиперсілтеме қоюларыңызды талап етемін.