БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)

Астанада студент Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша бірінші сот тыңдалымы жақындап қалды. Осы орайда жас жігітті соққыға жығу сәтінен атышулы суреттер 31 арнаның қолына түсті. Онда күдіктіден зардап шегушіге айналған Аян Мейірбаев түсіп қалған-ды.

БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)ЕРАСЫЛ ӘУБӘКІРОВ

Бұл кадрлерді журналистерге Сара Адай лақап атымен белгілі қолданушы жолдаған. Суреттер студенттің өлімінен кейін пайда болған видеодан алынған сыңайлы. Алайда бұл фрагменттер бұған дейін еш жерде жария етілмеген.

БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)СКРИНШОТ / ВИДЕО 31.KZ
БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)СКРИНШОТ / ВИДЕО 31.KZ
БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)СКРИНШОТ / ВИДЕО 31.KZ

Суреттерде Ерасылды соққыға жығып жатқан ер адамның түрі анық көрінеді. Автордың айтуынша, прокурорлар Аян Мейірбаевтан барлық айыптауларды алып тастауда асығыстық танытқан.

БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)СКРИНШОТ / ВИДЕО 31.KZ
БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)СКРИНШОТ / ВИДЕО 31.KZ
БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)СКРИНШОТ / ВИДЕО 31.KZ

Оның ойынша, бастапқыда басты күдікті болып, кейін тергеу барысында зардап шегушіге айналған Аян Мейірбаевты әлі де тексеру керек. Ал заңгерлер болса, 183 бапқа сәйкес, іске байланысты тың ақпарат БАҚ көздерінде жария етілген жағдайда іс қайта тергелуі әбден мүмкін екенін айтуда.

"Видеоны негізге ала отырып, істің қайта тергелуін көздейтіндер бар болуы мүмкін. Дегенмен бұған тек қылмыстық қудалау органдары немесе зардап шегуші тарап қана шағым түсіру арқылы қол жеткізе алады", - дейді заңгер Серік Айтбаев.

БАҚ Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сенсациялық суреттерді жария етті (фото)Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер оныншы ақпанда тапқан болатын.

Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтыншы курсының студенті еді.

Ол үшінші ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.