БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады (фото)
2016 ж. 02 қыркүйек
3275
5
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың туған жері Самарқан мемлекет басшысын жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр деп хабарлайды "Фергана"басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
Басылымының хабарлауынша, президенттің мәйіті салынған үкімет ұшағы Ташкенттен ұшып шыққан көрінеді.
Агенттік жерлеу рәсіміне қатысты жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының суреттерін жария етті.
"Суреттер Өзбекстан басшысы әйгілі Шахи Зинда архитектуралық және тарихи ескерткішіне жалғасып жатқан Самарқан мазарында жерленетінін айғақтап отыр. Онда Ислам Каримовтың екі ағасы мен анасы жерленген", - деп жазылған мақалада.
"Фергана" деректері бойынша, 2 және 3 қыркүйекте азалы жиынға қатысу үшін бірқатар ТМД елдері мен алыс шетелден жоғарғы басшылық өкілдері Өзбекстанға келеді. Делегацияның нақты тізімі әлі белгісіз.
Ал өз кезегінде, Азаттықтың өзбек қызметі "Озодлик" Самарқанға Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев келгенін хабарлады. Басылымның ақпарына сәйкес қаланың дені жабылған көшелерде мыңдаған аула тазалаушылар жұмыс істеуде.
Еске сала кетсек, 28 тамызда Өзбекстан президенті ауруханаға түсіп қалғаны белгілі болды. Ал 30 тамызда "Ферғана" агенттігі аты-жөні аталмаған дереккөзіне сілтеме жасап Ислам Каримовтың "қайтыс болғанын" хабарлаған. Алайда ресми билік Өзбекстан президентінің қаза болғаны жайлы хабарды жоққа шығарған еді.