Мемлекет басшысы: Қазақстанда лаңкестікке қарсы 7 заң әзірленеді

Қазақстанда лаңкестікке қарсы 7 заң әзірленеді. 1 қыркүйек күні парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Назарбаев: Қазақстанда лаңкестікке қарсы 7 заң әзірленеді«Ел қауіпсіздігін заңнамалық негізде нығайту бірінші жоспарға айналды. Қазақстан және іс жүзінде әлемнің барлық елдері лаңкестік қатерімен бетпе-бет келіп отыр. Ақтөбедегі және Алматыдағы лаңкестік шабуылдардың салдарынан Ұлттық гвардияшылар, полицейлер, бейкүнә азаматтар қаза тапты. Мұндай жағдайда мемлекет ештеңеге қарамастан өзінің институционалдығын нығайтуы тиіс. Қоғамдағы тұрақсыздықты қалайтын және сол оқиғаларды пайдакүнемдік үшін пайдалануға ұмтылатын кейбір ішкі және сыртқы күштер тойтарыс жасау қажет», - деп атап өтті елбасы.

Осы ретте мемлекет басшысы депутаттардың назарын лаңкестікке қарсы заңды түрде құқық қорғау шараларын қабылдау қажеттігіне аударды.

«Менің тапсырмаммен экстремизмге, лаңкестікке қарсы тұру, қарсы барлау қызметі, дактиоскопиялық және геномдық тіркеу, елдің ақпаратық қауіпсіздігін нығайтуды мақұлдау мәселелері бойынша 7 заң жобасы әзірленіп, мәжіліске енгізіледі. Біз бұл заңдарды әзірлейміз және еліміздің қауіпсіздігі үшін қабылдауға депутаттарға ұсынамыз», - деді президент.

Назарбаев адамдар тыныш жұмыс істеуі үшін және қоғамдағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтау ең маңызды жайт екендігін баса айтты.

«Депутаттардан бұл ұсыныстарға байыппен қарауды және бұл мәселелерді жыл соңына дейін шешуді өтінемін», - деді мемлекет басшысы.