Н. Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

8
3159

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтары Конституциясы күнімен құттықтады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, оның талаптарын мүлтіксіз орындау, рухын берік ұстану еліміздің табысты дамуының басты қайнар көзі мен кепілі болып саналатынын атап өтті.

Қазақстан президенті негізгі заңның нормаларының арқасында экономикалық өсімді, халықтың әл-ауқатының артуын, халықаралық аренада республика беделінің жоғарылауын қамтамасыз еткен терең реформалар жүргізілгеніне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Конституцияда белгіленген қазақстандық құндылықтар «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде көрініс тапты.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға бақ-береке тілеп, қоғам мен мемлекеттің ортақ күш-жігерінің Конституция әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталғанын атап өтті.

8 ПІКІРЛЕР

  1. Егемен еліміздің ертеңі жарқын, болашағы бекем болсын. Мәртебелі мереке құтты болсын!

  2. Конституция күні құтты болсын отандастарым! Ата Заңымыздың абыройы асқақтай берсін!. Заңнан аттамай жүрейік!

  3. Бүгін елдігіміздің ең киелісі – Конституция күні ерекше қастерлі. Заңдылық сақталмайтын, конституциялық өзегі орнықсыз мемлекеттің ертеңі де бұлыңғыр.

  4. Кез-келген мемлекеттің ұстанған жолын, ұлтының құндылығын айқындайтын басты құжат – Конституция. Ата Заң – мемлекеттің өсіп-өркендеп, қарыштап дамуына тікелей ықпал ететын мызғымас темірқазығы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз