Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Мұсылмандар үшін қасиетті мейрам саналатын Құрбан-айт осы жылы 12 қыркүйекке түсіп тұр.

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады12 қыркүйек дүйсенбіге келеді. Сол себепті қазақстандықтар қатарынан үш күн демалатын болады.

Қазақстан Еңбек кодексінің 96 бабы бойынша, Құрбан-айттың алғашқы күні - мереке күні деп есептелінеді. Демалыс және мейрам күні қатар келсе, алдағы жұмыс күні демалыс күні деп саналады.