Әулиелерге зиярат еткен Мәсімов қайтадан қазақша сөйлеп кетті

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысында зиярат етіп, аруақтарға құран бағыштады.

ОҚО-дағы әулиелерге зиярат еткен Мәсімов қайтадан қазақша сөйлеп кетті (фото)Ақсақалдармен кездескен премьер-министрге қариялар ұзақ ғұмыр тілеп, басшылық етіп отырған үкіметтің жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.
ОҚО-дағы әулиелерге зиярат еткен Мәсімов қайтадан қазақша сөйлеп кетті (фото)

Үкімет басшысы Оңтүстікке жасаған сапарын Шымкенттегі әуежай мен теміржол вокзалының қауіпсіздік жүйесімен танысудан бастады. Мұнан соң Түркістан қаласында қасиетті орындарға зиярат етіп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде аруақтарға арнап құран бағыштады.

Дәл осы кесенеде Мәсімов түркістандық қариялармен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Тұрғындармен тек қазақ тілінде тілдескен үкімет басшысына ақсақалдар риза болып, тіпті елбасыға сәлем айтып жіберді.

«Елбасымыз аман болсын. Бүкіл қазақстандықтардың үйі бала мен бақытқа толып, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман болсын. Кәрім басқарған үкімет жақсы жұмыс істеп, тұрмысымыздан сән кетпесін» деп тілегін айтқан ақсақалдар күллі түркістандықтар атынан елбасыға ыстық ықыласын жолдады.

ОҚО-дағы әулиелерге зиярат еткен Мәсімов қайтадан қазақша сөйлеп кетті (фото)

Дәл осы кездесуде Түркістан ақсақалдары көгілдір отын мәселесіне алаңдап отырғанын жайып салды. Себебі қалаға газ келгенімен, халықтың жүз пайызы оны пайдаланып отырған жоқ.

Кейінірек үкімет басшысы бастаған жұмысшы топ Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-інде болды.