Иван Дычко жартылай финалда жеңіліске ұшырады

Рио Олимпиадасында аса ауыр салмақтағы боксшылар бәсекесінің жартылай финалдық бәсекелері аяқталды.

Иван Дычко жартылай финалда жеңіліске ұшырады91 келіден жоғары салмақта қазақстандық Иван Дычко мен ұлыбританиялық Джозеф Джойс финал жолдамасын сарапқа салған еді.

Өкінішке қарай, Дычко ұпай саны бойынша қарсыласынан ұтылып қалды. Бірінші раундта жеңіске жеткен Иван қалған екі раундта ұлыбританиялық боксшыға жол берді.

Бокстан ерлер құрамасы Рио Олимпиадасын 2 күміс және 1 алтын және 1 қола медальмен аяқтады. Данияр Елеусінов 69 келіде Олимпиада топ жарса, 81 және 91 келідегі Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит күміс жүлдегер атанды.

Риодағы боксшылар бәсекесіне Иван Дычко қола медальмен нүкте қойды. Дычко Қазақстан құрамасына Рио Олимпиадасының 16-шы жүлдесін жеңіп алды.

Еске сала кетейік, Иван Дычко 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында да қола жүлдегер атанған болатын.