Мейрамбек магистратураға емтихан тапсырды

0
1414

Әнші Мейрамбек Беспаев биылғы талапкерлермен бірге Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистратура бөліміне емтихан тапсырды, – деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ол бұл туралы өзінің инстаграмдағы парақшасында хабарлады. Университет аудиториясында «МузАрт» тобының директоры Ерлан Жүнісбаймен бірге отырып түскен суретін жариялаған ол, В. Лениннің «Оқы, оқы және оқы» деген қанатты сөзін де еске алыпты. Бұған дейін әнші өзінің магистратурада оқуға ниетті екенін хабарлаған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз